100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Шет елге шығуға тыйым салынғандығы туралы мәліметті телеграмма-бот арқылы тексеруге болады

Демалыс маусымы жақындап келеді, сондықтан туристік сапарларды, туған-туыстарға сапарларды, сондай-ақ тіпті шетелдік іс-сапарларды жоспарламас бұрын сіздің аты-жөніңіз шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне енгізілмегенін тексеріңіз. Ол үшін EgovKzBot телеграм-бот көмегіне жүгінуге болады.

Егер азаматтың мемлекет алдында немесе сотқа жүгінген басқа да адамдардың алдында берешегі болса, оған шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

Борышкерлердің бірыңғай тізімінде өз деректерін тексеру үшін танымал телеграмм мессенджерін жүктеп, іздеу жүйесіне "EgovKzBot" енгізу керек және "борышкерлер тізілімі бойынша тексеру және шет елге шығуға тыйым салу" сервисін таңдау қажет.

Одан әрі жүйе өзіңіздің ЖСН енгізуді ұсынады, сонан соң азаматқа қарыздардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат берілетін хабарлама келеді.
Сондай-ақ, EgovKzBot көмегімен өз жақындарыңызды борышкерлер тізілімі бойынша тексеруге болады.

Айта кету керек, кейбір айыппұлдар және берешекті де egov.kz электрондық үкімет порталында төлеуге болады.
Қазіргі уақытта телеграмм-бот арқылы сұранысқа ие 25 қызметтер мен сервистер қол жетімді, оларды алу уақыты бірнеше минуттан аспайды. Олардың ішінде жақын жердегі ХҚКО-на кезекті брондау, мекенжай анықтамасын, соттылығының жоқтығы/бар екендігі туралы анықтаманы, психо-, нарко-, туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтамаларды улу, медициналық ұйымға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және т. б. бар.
Статистикаға сәйкес, "EgovKzBot" телеграмм арнасына бір жыл ішінде 300 мың қазақстандық тіркеліп, оның белсенді пайдалануда.


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»