100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында әлеуметтік шиеленіс қаупі төмендеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қарағандылықтармен әлеуметтік және еңбек жанжалдарының алдын алу мәселелерін талқылады. Өңірімізге жұмыс сапары барысында ол облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысын өткізді.
Еңбек дауын туындататын басты алғышарттардың бірі жалақы деңгейінің нақты еңбек жағдайлары мен ағымдағы экономикалық ахуалға сәйкес келмеуі болып табылады, деп атап өтті кездесуге қатысушылар.
- Бүгінгі басты міндет – еңбек дауларын болдырмау. Барлық әлеуметтік шиеленістер еңбек дауының нәтижесінде туындайды. Олардың себебі – жалақы бойынша берешектер, қысқартулар болып табылады. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін республикалық Жол картасы әзірленді. Өңірлерде осындай карталарды құру қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жұмысты жалғастыру керек, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов еңбек даулары бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.
- Егер соңғы 7 жылда облыста 10 жанжал болса, 2018 жылы бірде – бір дау болмаған, - деді ол. - Біз тұрақты мониторинг жүргізудеміз – күн сайын әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы жаңартылып, қадағаланады. Осы картаға сәйкес, биылғы жылы біздің облыс жоғары тәуекел аймағынан шықты. Бұл дер кезінде проблемаға ден қою және еңбек дауларын шешу бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде қол жеткізіп отырған жетістігіміз.
Өңір басшысы тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу туралы айтып өтті. Әрбір шағымға қатысты кәсіпорында жедел түрде әрекеттер жасалады. Сонымен қатар облыста жалақы бойынша берешекке жол бермеу бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Әкімнің айтуынша, облыста жұмыс берушілермен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау бойынша 4000-ға жуық меморандумға қол қойылды. Бірінші Президенттің жалақыны көтеру туралы бастамасын облыстың 39 мың кәсіпорны қолдады, онда 300 мыңға жуық адам еңбек етеді, деп хабарлады өңір басшысы.
Облыста кәсіподақтардың рөлін күшейту үшін Татуласу орталығы құрылды. Еңбек ұжымдарында тәлімгерлік институты дамуда.
Ерлан Қошанов заңнамалық шешімді талап ететін проблемаларға да назар аударды. Аймақ басшысы қызметкерлердің құқығын қорғау үшін аутстаффинг институтын реттеу керек деп есептейді.
- Бүгінгі күні әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу болуы тиіс. Әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушыларына өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті мониторингілеу, жалақы бойынша берешектерді болдырмау, өндірістік жарақаттануды төмендету мәселелерін ерекше бақылауға алу қажет, - деді Гүлшара Әбдіқалықова. - Көріп отырғаныңыздай, біз республикалық үшжақты комиссияның жұмыс форматын өзгертеміз. Және өңірлерден осындай белсенді жұмыс күтеміз. Осының барлығы жай ғана қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс.
Вице-премьер әлеуметтік әріптестіктің барлық нысандарын дамытуға, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершілікті күшейтуге шақырды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»