100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ерлан Қошанов шілдеге дейін теміржол тұйықтарында көмір қорын толықтыруды тапсырды

Қарағанды облысында шілде айына дейін барлық тұйықтар тұрғындарға қажетті көмірмен толтырылмақ. Бұл маусым басында болатын дүрлікпе мен отын бағасының өсуіне жол бермеуге септігін тигізеді. Дәл осы уақытта мектептер мен ауруханаларға да көмір таратыла бастайды.
- Өткен жылы қабылданған шаралардың арқасында біз дүрлікпеге жол бермедік. Қоймалар маусым басталғанға дейін көмірмен 50% толтырылды. Біз сондай-ақ аулаларды аралап шығуды қарастыратын ауқымды ақпараттық науқан өткіздік. Шілде мен тамыз айларында тұрғындар көмірді 2017 жылға қарағанда 80% - ға артық сатып алды. Сондай-ақ, біз негізгі жеткізушілермен бағаны төмендетуді қарастыратын меморандумға қол қойдық. Биылғы жылы осындай жұмыстарды жүргізу қажет. Бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті, - деп тапсырды Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппарат кеңесінде.
Аймақ басшысының орынбасары Алмас Айдаровтың мәлімдеуінше, жақын арада тұйықтардың көмір тиеуге дайындығын, кірме жолдар мен техниканың бар-жоғы тексерілетін болады. Өңірде барлығы 35 негізгі қойма бар.
Шілде айында ұсақ тұйықтарды көмірмен 50%-ға, ірілері-20-30%-ға дейін толтыру жоспарланып отыр. Қазір қала басшылығы негізгі жеткізушілермен жаңа меморандумның шарттарын талқылауда. Бұл халыққа көмірді белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Маусым айына қарай Шұбаркөл көмірін еліміздің басқа өңірлеріне тиеу кестесі дайын болуы тиіс. Жеткізу шілде айында басталады деп жоспарлануда.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»