100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Конкурстық комиссиясының оң қорытындысына ие болған үміткерлердің ТІЗІМІ

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-R-1  санаты үшін:  жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
E-R-1 142 412 192 382
E-R-3 96 607 129 920
E-G-3 69 957 94 109

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 8-1, Е-R-1 санаты).
Жер ресурстарын басқару аясында жұмыстарды ұйымдастырады, жер қатынастары саласында ҚР Президенті актілерінің, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді; жерді пайдалану бойынша аудандық бағдарламалардың құрастырылуы бойынша жұмысты басқарады; жер құнарлылығын арттыруды енгізу үшін өкілетті органға бекітуге береді; иесіз жер учаскелерін есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады, мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер учаскелерін қайтарып алады, жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналасу жобаларын бекіту және жерге орналасу жұмыстарын жүргізеді, жерді пайдалану бойынша  бағдарламасын және жерді аймақтандыру жобаларын құрастырады, жер саудасын жүргізеді, жерді қорғау және пайдалану сұрақтарына қатысты жобаларды, кестелерді, бағдарламаларды сараптамадан өткізеді, жер – шаруашылық құралдарының жоспарын құрастырады. Бөлімнің қаржылық – шаруашылық қызметіне қатысты сұрақтарды жүргізеді, азаматтарды қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «қызмет көрсету» (жерге орналасу, кадастр) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (агрономия) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Жер кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы  (1 бірлік, Е-R-1 санаты, № 15-1).
Функционалдық міндеттері:
Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізу сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді. Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізеді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу кезегі мен кезеңін, тізімін анықтайды, тұрғын үй көмегімен қаржыландыратын кондоминиум нысанын басқару органымен ұсынылған кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу үшін шығындар мен есепке алу кестесін келістіреді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияға қатысып, қарастырады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер жүргізеді. Тексеріс жүргізу қорытындысында алынған мәліметтер мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігін күтіп ұстау тәртібінің кемшіліктері туралы акт құрастырады, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігін күтіп ұстау тәртібінің кемшіліктерін жою бойынша нұсқаманың орындалуы үшін міндеттемелер енгізеді, сотта тұрғын үй инспекциясының мүддесін бекітілген тәртіп бойынша ұсынады, сонымен бірге басқа ұйымдарда да тұрғын үй инспекциясының қызметі туралы құқықтық сұрақтарын қарастыруда ұсынады, қатардағы ұйымдардың келісім шарт міндеттерін орындау қызметтерін бақылауды жүзеге асырады. бөлімнің қаржылық – шаруашылық қызметі туралы сұрақтарды қамтиды, азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, бұйымдар мен конструкциялар); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ биологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 1-1, Е-R-3 санаты).
          Функционалдық міндеттері: Малдардың ең қауіпті ауруларының алдын алу және емдеу жұмыстары бойынша бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың ауруы бойынша және анықталған эпизоотикалық ошағы туралы эпизоотикалық мониторинг жүргізеді. ветеринария аясында кәсіпкерлік қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы жеке және заңды тұлғалардан нұсқама қабылдайды. Ауыл шаруашылығы малдардарына сәйкестендіруді жүргізу үшін құралдар мен атрибуттар тқажеттілігін анықтайды. Аудан аумағында ветеринарлық – профилактикалық шаралар жоспарының орындалуын бақылайды және жүзеге асырады, жылдық есепті, тоқсандық жұмыс жоспарын, ветеринарлық есепке алуды жүргізу және ветеринарлық есепке алудың уақытын ұсынуын жүзеге асырады. «Бұқар жырау ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығына КМК жұмысын үйлестіреді. Анықталған эпизоотикалық ошағына сараптама жүргізеді. Эпизоотикалық тексеріс актісін береді. Ветеринария аясындағы ішкі сауда нысандарына, өндіріске, жануар типтес шикізатқа, өнімге, жануарларды өсіруді іске асыратынға, ветеринария аясындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға, ауыстыру, құрылыс, қайта өндіру және мал сою орнының пайдалануы, енгізілуі жөніндегі зоогигиеналық және ветеринарлық талаптардың сақталуына, өндіріс нысанына, мал өсіруді жүзеге асыратын, сақталатын, малдарды, өнімдерді, мал типтес шикізатты, сонымен бірге өндіру ұйымын, ветеринарлық препараттардың, жемдердің және жем қоспаларының сақталуын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталуына сай мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады. Ветеринарлы – санитарлық бақылау нысандарына ветеринарлы – санитарлық қорытындылар береді. Малдарды сою тазалығын жүргізуді және ұйымдастыруды бақылайды. Малдардың энзоотикалық, жұқпалы емес, аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шаралар жүргізуді бақылайды. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау және қадағалау актісін құрастырады. Ветеринарлық анықтамалардың берілуін, биологиялық материалдардың үлгісін, олардың ветеринарлық зертханаха жеткізілуін қадағалайды. Әкімшілік – аумақтық бірлікке сәйкес аймақта ветеринарлы – санитарлық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ветеринария» мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Бюджеттік кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақөре ауылы әкімінің   аппараты» ММ бас маманы  (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 2-24), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Самарканд ауылдық округі әкімінің   аппараты» ММ бас маманы  (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 2-18).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (құжаттану және мұрағаттану (салалары бойынша және қолдану аймағы бойынша) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Нотариат туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақөре ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы  (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 10-17).
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі
6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік,
Е-G-3санаты,  №  5-9).
Функционалдық міндеттері:Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы,  ауылды  абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «сервис» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7.  «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, E-G-3 санаты, № 8-3).
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қорының есебін және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, су-жылу-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингісін жүргізеді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша) білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралдыақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_____________________________
(мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________   ____________________________________
(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»