100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-4 санаты үшін: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық,ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-R-4 санаты үшін:      Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-G-3 санаты үшін: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-G-4 санаты үшін:  Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77 452

104 935

Е-R-4

73 288

99 106

Е-G-3

  69 957

 94 108

Е-G-4

62 462

84 115

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: b­-jirauakimat@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 10-3, E-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ұйымдастыру қызметінің мәселелерін үйлестіреді, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Әкімдік отырысының дайындығына және өтуіне қатысады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің мониторингісін жүргізеді, аталмыш бағыт бойынша анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану);Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы  (1 бірлік,  № 1-2, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігі қаулыларының жобасын және ұсыныстарын дайындау, жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беруді қамтамасыз ету, тиісті деңгейде жер кадастрінің жүргізілуін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру, сатып алу-сату келісімдерін және жер учаскесін жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану келісімдерін тіркеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға жергілікті атқарушы органмен рұқсатнама беру бойынша ұсыныстарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-2,    E- R -4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Жұмысқа орналастыруда көмекке жүгінген азаматтардың дерекқорын қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді.   Жұмыссыз азаматтарды төленетін қоғамдық жұмыстарға жібереді. Бос жұмыс орындарының (бос лауазым), оқу орындарының мәліметтерінің автоматтандырылған банкін қалыптастырады. Жұмыс берушіні және тұрғындарды еңбек нарығының жағдайы туралы сенімді және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тұрғын үй жәрдемақысын, мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау құжаттарын қабылдауды жүргізеді. «Аз қамтылғандардың әлеуметтік картасы» ақпараттық мәліметтер базасын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық, кадрлық жұмыс секторының  бас маманы (1 бірлік, № 3-3, E- R -4 санаты).   
Функционалдық міндеттері: Кадр жұмысынұйымдастырады, жоспарлайды. Білім мекемелерінде кадрларды орналастыруды  және іріктеуді бақылайды. Бөлім қызметкерлерінің, білім ұйымдары басшыларының жеке істерінің жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Жас мамандармен жұмыс жүргізеді. Ауданның білім мекемелерінің басшыларына, азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурстардың өтуін қамтамасыз етеді. Жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ережесін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мал шаруашылығы, экономикалық талдау және жобалау секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мал шаруашылығы саласында қарқынды технологияны енгізу мәселелері бойынша бөлімнің қызметін қамтамасыз етеді, асыл тұқымды және селекциялық жұмыстармен айналысатын қожалықтарға тәжірибелік көмек көрсетеді, асыл тұқымды мал өнімін өндіру және асыл тұқымды төл өсіру бойынша асыл тұқымды субъектілердің қызметін үйлестіреді.  Мал шаруашылығында және асыл тұқымды селекциялық жұмыста ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені мал шаруашылығы саласына енгізуге жәрдемдеседі және зерттейді. Ауданның ауыл шаруашылығын қалыптастыруда асыл тұқымды мал басының есебін ұйымдастыруға, дистрибьюторлық орталық және малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері үшін криогендік жабдықтарды алуға жәрдемдеседі, малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмысының мониторингісін жүргізеді. Аудан аумағында ауыл шаруашылығының өндірісінде субсидиялардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы);Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
6. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының бас маманы (1 бірлік, № 3-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Топырақ құнарлылығын арттыруға, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді ұйымдастыру, шығымдылығы жоғары сорттарды енгізу бойынша жәрдемдесу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, егіс айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын өткізу, көктемгі егу және жинау жұмыстарының есебі, мал азықтық астық балансы есебі бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ауылшаруашылық ғылымдары» мандықтары бойынша (агрономия, топырақтану және агрохимия); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Тұқым шаруашылығы туралы», «Астық туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. Ғабиден Мұстафин кенті (1 бірлік, № 8-2, Е-G-3 санаты), Доскей ауылдық округі  (1 бірлік, № 8-7, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары – бухгалтерлері
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. Ростов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы  (1 бірлік, № 10-8, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.      
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 11 Тамыз 2016 13:33
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 11 Тамыз 2016 13:34
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»