100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

21.07.16

 

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін: Жоғары білім.

  Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санатына: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

          Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда №12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-4

77452

104935

E-G-4

62461

84115

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы,  Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті,  Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта:          bjr­_org@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы (1 бірлік, № 11-3, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.  Кенттер және ауылдық округтар әкімдері жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және  тәжірибелік көмек көрсетеді. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуына және дайындығына қатысады, құқықтық сипаттағы құжаттарды, аудан әкімдігінің отырысына сұрақтарды дайындауға қатысады; аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен, кенттер және ауылдық округтардың әкімдерімен  құқықтық мәселелер бойынша семинар-жиналыстардың өткізілуін және дайындығын жүзеге асырады; жаппай құқықтық білім беру бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2. Қаражар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, № 14-1, Е-G-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді дайындайды, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгісі бойынша жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді құрастырады және тапсыруды қамтамасыз етеді.  Шаруа қожалықтарының әр шаруашылық кітаптарын жүргізеді және дайындайды, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдемдеседі, жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе құқық мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.      

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс құн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ  өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 21 Шілде 2016 13:56
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 21 Шілде 2016 13:58
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»