100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:E-4 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім.  Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
        E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-4

77 452

104 935

Е-R-4

73 288

99 106

Е-R-5

64 960

88 279

Е-G-3

69 957

 94 108

Е-G-4

62 462

84 115

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы,  Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті,  Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: bjr­_org@krg.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қорғау және ТЖ бойынша аудан әкімі аппаратының бас маманы(1 бірлік, № 7-1, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды оқытуға бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; Азаматтық қорғаныс күштерінің және қызметтерінің, басқару органдарының жаттығуларын, командалық-штабтық, арнаулы оқулар, тексерістер жүргізеді және жоспарлайды; қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл шешім қабылдайды және аудан аумағындағы жағдайға тұрақты жедел бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға аудан әкімдігінің төтенше резервінен қаражат бөлу бойынша ұсыныстарды енгізеді және қажетті есепті жүргізеді, төтенше жағдай туындаған жағдайда жұмысты ұйымдастыру және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кент және ауылдық округ әкімдерінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын,   Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 14-2, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді; туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды; азаматтық хал актілерін жазу куәліктері бланкілерінің жұмсалуын және есептілігін, сақталуын, есебін қамтамасыз етеді, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құжаттаманың, мұрағат қорының сақталуын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»» Заңдарын, Қазақстан Республикасының«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы   (1 бірлік, № 1-2, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігі қаулыларының жобасын және ұсыныстарын дайындау, жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беруді қамтамасыз ету, жер сауда-саттығын өткізуді ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар), аудандық бағдарламалардың, сызбалардың және жобалардың сараптамасын жүргізу, тиісті деңгейде жер кадастрінің жүргізілуін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру, сатып алу-сату келісімдерін және жер учаскесін жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану келісімдерін тіркеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға жергілікті атқарушы органмен рұқсатнама беру бойынша ұсыныстарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-2, E- R -4 санаты).   
Функционалдық міндеттері: Жұмысқа орналастыруда көмекке жүгінген азаматтардың дерекқорын қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді.   Жұмыссыз азаматтарды төленетін қоғамдық жұмыстарға жібереді. Бос жұмыс орындарының (бос лауазым), оқу орындарының мәліметтерінің автоматтандырылған банкін қалыптастырады. Жұмыс берушіні және тұрғындарды еңбек нарығының жағдайы туралы сенімді және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тұрғын үй жәрдемақысын, мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау құжаттарын қабылдауды жүргізеді. «Аз қамтылғандардың әлеуметтік картасы» ақпараттық мәліметтер базасын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығысекторының бас маманы (1 бірлік, №3-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Топырақ құнарлылығын арттыруға, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді ұйымдастыру, шығымдылығы жоғары сорттарды енгізу бойынша жәрдемдесу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, шаруашылықтарды мол өнімді аудандастырылған дәндердің сорттарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын, егіс айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын өткізу, көктемгі егу және жинау жұмыстарының есебі, мал азықтық астық балансы есебі бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ауылшаруашылық ғылымдары» мандықтары бойынша (агрономия, топырақтану және агрохимия); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Астық туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау секторының бас мамандары – ветеринариялық дәрігерлері (2 бірлік, № 3-2, 3-3, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Іс-шаралардың, жоспарлардың уақытында орындалуын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдайды. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады және ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ биологиялық қауіпсіздік секторының бас маманы – ветеринариялық дәрігері (1 бірлік, № 2-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Эпизоотияға қарсы және втеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өтуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Ветеринариялық талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау бойынша жұмысты ұйымдастырады, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды  ұйымдастырады, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді. Эпизоотиялық зерттеу актісін береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маманы (1 бірлік, № 1-3, E-R -5 санаты).   
Функционалдық міндеттері: Бөлімде іс қағаздарын жүргізуді, «Электронды құжат айналымы» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді, аппараттық жиындардың және бөлімдегі басқа да іс-шаралардың өткізілуіне және дайындығына қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, «Айқын» бағдарламалық жасақтаманың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Мәдени-көпшілік іс-шаралардың, байқаулардың, фестивальдардың өткізілуіне және дайындығына қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. Доскей, Үміткер а/о әкімдері аппараттарының  бас мамандары                (2 бірлік, № 4-6, 4-25, Е-G-3 санаты). 
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы,  ауылды  абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. Жаңаталап ауылы әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 6-3, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, осы бағыттағы іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, туған және қайтыс болған азаматтардың есебін жүргізеді, осы бағыт бойынша есептілік дайындайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, әр шаруашылық кітаптарын жүргізеді. Әскери қызмет және әскери міндет бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың есебін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
11. Петровка ауылдық округі  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,   № 7-8, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:Тұрғын үй қорының есебін және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады, су-жылу-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингісін жүргізеді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020»  мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
12. Доскей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы бухгалтері   (1 бірлік, № 8-7, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
13.  Жаңаталап ауылы, Шешенқара а/о әкімдері аппараттарының бас мамандары  (2 бірлік, № 9-15, 9-18, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
14. Баймырза, Ростов, Тұзды, Центральный а/о  әкімдері аппараттарының жетекші мамандары (4 бірлік, № 10-3, 10-8, 10-11, 10-13, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
15. Баймырза ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы бухгалтері (1 бірлік, № 13-2, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,   «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»