100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарландыруы

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е–G–3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарынасәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е–G–3

69 957

94 109

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: gu.abeuova@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-G-3 санаты, №10-2).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды, мәдениет, тәрбие және оқыту мекемелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану)  мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________     

__________________________________________________________________

________                               ____________________________________

(қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

     «___»_______________ 20 __ ж.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»