100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарландыруы

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-1 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда.        
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарынасәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
E-1 150 741 203 208

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: gu.abeuova@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты»» ММ аудан әкімінің орынбасары (санаты Е-1, № 1-1, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Экономика және қаржы, білім, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін бақылайды; «Аудандық медициналық бірлестігі» КМҚК, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, "Бұқар жырау жаршысы" газет редакциясының, аудандық пошта торабының қызметін үйлестіреді және бағыттайды, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, қазынашылық бөлімінің, аудандық статистика бөлімінің қызметін үйлестіреді. Аудан экономикасын реформалау бағдарламаларын және ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге басшылық жасайды, бюджеттік саясат пен салық салу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіреді; бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және игерілуін 100% қамтамасыз етеді, бюджеттік комиссияның, терроризмге қарсы комиссияның отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді, ауылда экономикалық қатынастардың қалыптасу барысын бақылауды қамтамасыз етеді, «Ауылдық аумақтарды дамыту», «2017 - 2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының «2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламаларын іске асыруға жауапты болып табылады және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Мүгедектерді жұмыспен қамту, оңалту, білім беруді, денсаулық сақтауды дамыту, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламаларын іске асыруға жауапты болып табылады; Мемлекеттің ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органның насихаттау жұмысын, ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын ақпараттық - насихаттық қамтамасыз етуді үйлестіреді және бақылайды; қоғамдық - саяси және діни бірлестіктердің, мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметін үйлестіреді; әскери міндеттілік және әскери қызмет мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды басқарады, құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру кеңесін басқарады, мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық білім беру мектептерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады; аудан әкімінің және оның аппаратының қызметі туралы материалдарды, баяндамаларды аудан активімен, халық алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында дайындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауап береді. Жетекшілік ететін бөлімдермен бюджеттік қаражаттарды 100% мақсатты пайдалануды және игеруді қамтамасыз етеді, азаматтарды қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, менеджмент, саясаттану, әлеуметтану, қоғаммен байланыс) мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» (дінтану, теология, филология) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша немесе «білім» (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, алғашқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті, басқа ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану); Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Білім туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________                                    ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
   Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________                                                                                                         
Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________
__________________________________________________________________
________    ____________________________________
(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

     «___»_______________ 20 __ ж.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»