100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-3 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. тұрақты негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметші мәртебесінде кемінде жұмыс өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  5. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. кеңесші және көмекші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  1. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  2. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда;
  4. ғылыми дәрежесінің болуы.

Е–G–2 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. тұрақты негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметші мәртебесінде кемінде жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  3. құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  4. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. кеңесші және көмекші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е–G–3 санаты үшін: Жоғары білім. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарынасәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-3

102 437

138 248

Е-R-1

142 412

192 382

Е–G–2

92 378

124 941

Е–G–3

69 957

94 109

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: gu.abeuova@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссияның сұрақтары бойынша аудан әкімінің бас инспекторы (1 бірлік, Е-3 санаты,  №6-1).

Функционалдық міндеттері: Терроризм салдарын тарату және алдын алу бойынша іс-шаралар өтуін, экстремизм және терроризмнің алдын алу саласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, терроризм қатынасында осал нысандар тізбесін әзірлеу, бекіту,  өзгерістер мен қосымшалар енгізу,  аудан бойынша техникалық мінездемелерімен қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу, экстремизм және терроризм салдарын тарату және азайту  нысандарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындайды, осы бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді, терроризмге қарсы  бағдарламалардың қызметін және жоспарлар жобасын әзірлейді, терроризмге қарсы комиссия отырысының дайындығын және өтуін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» (дінтану, теология) мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (саясаттану) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Құқықтық актілер туралы», «Дін қызметтері және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы  (1 бірлік, Е-R-1 санаты, № 12-1).

Функционалдық міндеттері: Құрылыс, коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта құру, мемлекеттік  сұранысқа сәйкес сумен жабдықтау,  коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы бойынша жұмысты ұйымдастырады және бағыттайды, құрылыс нысандары бойынша болжам негізін құрайды, жаңа құрылыс және қолданыстағы құрылысты қайта құруды, инженерлік коммуникациялар құрылымын қамтамасыз етеді, нысандар  бойынша кешендік жұмысын ұйымдастырады, бөлімнің қаржылық – шаруашылық қызметтерінің сұрақтарын шешеді, азаматтарды қабылдайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру) мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-2 санаты, №5-2), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-2 санаты, №5-4) бөлімдерінің басшылары.

Функционалдық міндеттері: Актілер мен келісім шарттардың заңнама нормаларына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Жеткізушілермен талап жұмыстарын жүргізеді. құжаттардың заңды сараптамасын жүзеге асырады. Кент (ауылдық округте) мемлекеттік экономикалық саясатты іске асырады. Әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және кенттің (ауылдық округтің) әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингісін жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды. Бюджетке салық және салықтық емес төлемдерді жинау жұмыстарын, салық салынатын базаның кеңейтілуі бойынша, бюджетке қосымша резерв арқылы түсетін төлемдердің анықталуын ұйымдастырады. Әкімшілігі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың әзірленуін жергілікті бірлестіктердің жиналысына Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес аудан (қала маңызы бар) бюджетінде қарастырылған қаржы сұрақтарының бағыттары бойынша пікір алмасу үшін ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №6-7, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қорын есепке алу және кондоминиум объектілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді, сумен-жылумен-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы жөніндегі жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингін жүргізеді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «ТКШ жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді және ұйымдастырады. Шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдеседі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. ЖТҚ үшін берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, жерді ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жер қатынастары мәселелері бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдарды, статистикалық есептілікті дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.  

5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ бас маман - бухгалтері (1 бірлік, №9-3, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты жоспарлайды, ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, жалақыны есептейді, банктік операциялардың, тауар-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер басқармасына есептер, жеткізушілермен келісім-шарт жасау бойынша құжаттар, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша есептер дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

________                               ____________________________________

(қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

     «___»_______________ 20 __ ж.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»