100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

  • «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

E-3

78 798

106 345

Е-R-3

74 313

99 939

Е-G-3

53 813

  72 391

Е-G-4

48 047

  64 704

        «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525;  факс: 8(72154) 22171, электрондық  пошта: b-jirauakimat@mail.ru) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік, №6-1, Е-3 санаты, негізгі қызметкердің 2014 жылдың 15 шілдесіне дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
Функционалдық міндеттері:
Басшылыққа ұсыну үшін келіп түскен құжаттаманы алдын-ала өңдеуден өткізеді; жоғары тұрған орган құжаттарынының, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалу мерзімін бақылауды жүзеге асырады, азаматтардың өтініштерін және қызметтік құжаттардың өтуін және қарауды бақылауды жүзеге асырады; азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша статистикалық есептерді дайындайды, аудан әкімімен азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін практикалық көмек көрсету арқылы уақытылы қарастыру, іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша аудан мекемелерінің, ұйымдарының, басқармаларының, бөлімдерінің, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жұмысын қорытындылайды, сараптайды, тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мұрағаттану, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Самарқанд ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, №4-17, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: 
Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. Доскей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – бухгалтері (1 бірлік, №8-9, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. Ақөре ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, №10-19, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орнындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық немесе заңгерлік немесе техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»  Заңдарын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (1 бірлік, №3-1, E-R-3 санаты).       
Функционалдық міндеттері:
Топырақ құнарлылығын жоғарылатуға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдық-экономикалық іс-шараларды енгізу және өңдеу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, ұзақ және қысқа мерзімді перспективаға агроөнеркәсіп секторының даму болжамдарын құрастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – ауылшаруашылық немесе аграрлық техника және технология (ауылшаруашылығын механикаландыру) мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»