100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Ауданды білім беру бөлімі

 

Аудандық білім беру бөлімі

Байланыс телефоны:
бөлім бастығы - 21143,21216
орынбасары - 21650        
Аудан бойынша 56 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде: 43-ШКМ, 7-НМ, 38-ОМ.    17-мемлекеттік, 9-орыс, 30- аралас тілде. Барлық  сынып-730, 864- сынып комплекті, оқушылар саны-9325, мұғалімдер-1443.
0-ден 17 жасқа дейін-16200 бала, 1 жастан 6 жасқа дейін 3191 бола, оның мектепке дейінгі дайындық сыныбына 1875 бала қамтылған немесе 58,8 пайыз.
Балалар бақшасы-34, оның ішінде 1 жеке меншік. Ауданда 4 музыкалық мектеп бар. Онда 276 бала қамтылған. Атап айтқанда Ботақара кентінд-84, Доскей аулында-65, Мұстафин кентінде-67 және Дубовка селосында-60 оқушы.
Білім саласын дамытуға 2010 жылы 1825957,0 мың теңге, МТБ-ны дамытуға 28914,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: жаңа модификациялық кабинет үшін-12291,0 мың. мультимединалық кабинет үшін 16623,0 мың теңге жұмсалды. «Жол картасы» бойынша 126725,0 мың теңге бөлінді.  Гагарин орта мектебіне спорттық корт сатып алуға Республикалық бюджеттен 6 млн 769 мың теңге жұмсалды. 2010-2011 оқу жылына  методикалық кітаптар сатып алуға 27 млн 976 мың теңге бөлінді. Оқу кітаптарымен Қарағанды қаласындағы «Стройконтакт» ЖШС-гі,  Астана қаласындағы «Герстройсервис» ЖШС қамтамасыз етеді.
Аудан бойынша 1131 компьютер болса оның 667 жаңа үлгіде.(«СИН в РК на 2007-2009г.г. бағдарламасына сәйкес»).              Барлық мектеп интернетке қосылған,   7 мектеп ( Гагарин. Токаревка, Нұра, Дубовка, Үштөбе, Ростовка және  № 1 Қазақ  ОМ, ) Мегалайн желісіне қосылған.
Ақысыз ыстық тамақпен 24 мектепте 5084 оқушы қамтылса 12 мектепте буфет жұмыс істейді.
Қарағанды облыстық білім беру басқармасының   27.10,09. жығы .№ 542 бұйрығын орындау негіінде 2009 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін мониторлық тексеру жүргізілді. Монитордың басты мақсаты аудан бойынша 12 жылдық білім беру моделін жүзеге асыру. Мұғалімдердің кезекті аттестатциясы өткізілді,
2010 жылдың ақпан айында  43 мектепте 4 сынып оқушыларының арасында  әлем тану білімін бақылау өткізілді. Бақылауға 4 сыныптың 859 оқушысы қатысты немесе 96,3 пайыз. Орташа балл – 16, 2009 жылы 15,95 балл.
2010 жылы  ҰБТ-қа   341 мектеп аяқтаушы қатысты немесе бітірушілердің 73,2 пайызы. Бұдан қазақ тілінде 199, орыс тілінде 142 мектеп бітіруші өтті.  2010 жылы ҰБТ бойынша орташа балл-75,8. 2009 жылы бұл көрсеткіш 69,9 балл болды.
Жазғы демалыс уақытында  2823 бала демалды, бұның ішінде мектеп қасындағы 17 лагерде 1-4 сыныптың 1568 баласы тамақпен қамтылып, 1255 бала тамақсыз қамтылды.  Аз қамтылған отбасыларының, жетім 1440 бала мектеп қасындағы лагерлерде демалды. Бұның ішінен 60 бала жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн теңге есебінен «Нуркосмос» демалу лагерінде демалды.  160 бала демеушілердің көмегімен Топар, Қарқаралы және Шапағат демалыс үйлерінде болды.
Аудан бойынша 117 бала қомқоршылық және қорғаншылыққа берілген. Бұның 61 баласы қамқоршылықта болса, 56 бала қорғаншылықта. Бұл жұмыстарды тұрақты нығайту үшін білім беру бөлімінің 04,03,09 жылғы № 44 бұйрығымен және Бұқар жырау ауданы әкімшілігінің 24,08,09 жылғы № 24/01 қаулысын жүзеге асыру мақсатында білім беру бөлімінің жанынан  құрамы 3 адамнан тұратын  жас өспірімдермен жұмыс істейтін және олардың құқын қорғайтын  сектор құрылды.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  Республикалық бюджеттен  жабдықтандыру үшін 42 млн 310 мың теңге бөлінді. Бұдан 14 мини-орталық ашуға 34 млн. 790 мың тнңге, Доскей ауылынан 160 орындық бала бақша ашуға  7 млн. 520 мың теңге қарастырылған.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Зараченск, Ынтымақ, Ақөре ОМ-де және Краснонивск ЖБМ-де мини-орталықтары ашылады. Ботақара кентінде өз мақсатында пайдаланбай отырған бұрынғы  90 орындық бала бақшаны 2012 жылы қайыра жабдықтау жоспарлануда. 2011-2014 жылдары  Баймырза селосында 160, Көкпекті селосында 160, Үштөбе селосында 90 және Қаражар селосында 160 орындық бала бақшалары жұмыс істейтін болады.
ҚР білім беру Министерлігінің  9.07. 2010 жылғы № 367  «ҚР бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білімінің МББС бекіту» туралы бұйрығын орындау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап аудандағы барлық мектептердің 1-11 сыныбында «Өзін өзі тану» оқулығы  кіргізіледі.Аудандық білім беру бөлімінің тарапынан көрсетілген пәнді жүргізетін мұғалімдерге курстар өткізілді.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»